Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Данияр Абулгазин Бакудегі ТМД, Балтық елдері мен Грузия Ұлттық Олимпиадалық комитеттері басшыларының Олимпиадалық форумға қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚР ҰОК ресми сайты.

Іс-шара Әзірбайжан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің 25 жылдығы аясында өтуде. Бүгін, 29 қыркүйекте форум бағдарламасына сәйкес Әзірбайжан президенті әрі осы елдің Олимпиадалық комиттетін жиырма жылдай басқарып отырған Ильхам Алиевпен кездесу жоспарланған. Сонымен қатар Еуропалық Олимпиадалық комитетінің атқарушы комитетінің отырысы өтіп, қонақтарға Әзірбайжанның спорттық нысандары, спорттық медицина, диагностика және оңалту институты, дене шынықтыру және Спорт мемлекеттік академиясы таныстырылмақ.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Данияр Абулгазин Олимпиадалық форумға қатысып жатқан делегаттардың құрамында Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесуге қатысты.

Айта кетейік, форум осы күндері Баку қаласында Әзірбайжан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің 25 жылдығын тойлау аясында өтіп жатыр.