«Манчестер Юнайтед» қақпашысы Давид де Хеа командамен келісімін ұзартуы мүмкін.

26 жасар қақпашының қазіргі келісімі 2019-жылы аяқталады. Қазіргі уақытта екі жақ келіссөз үстінде. Бұл туралы The Independet хабарлайды. МЮ бапкері Жозе Моуринью да бұл ұсынысқа қолдау көрсетіп отыр.

Давид де Хеа «Манчестер Юнайтед» командасында 2011-жылдан бастап ойнайды. Ол «Атлетико» командасынан 25 млн еуроға ауысып келген болатын.