Қазақстандық Юлия Путинцева Ухань (Қытай) қаласында өткен WTA турнирінің алғашқы матчында грекиялық Мария Маккариге жол берді.

Юлия бірінші сетте 6:1 есебімен сенімді ұтқан. Алайда қалған екі сетте қарсыласына 4:6, 2:6 есебімен жол берді.

Ойын 2 сағат, 16 минутқа созылды.