АҚШ-тың Луизана штатындағы Монро қаласында бокс кеші ұйымдастырылып, қазақстандық Балауса Мұздыман кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Балауса америкалық Кэмри Максимен жұдырықтасқан. 19 жастағы Мұздыман қарсыласын бірінші раундта нокаутпен ұтты.