22 жастағы хоккейші Дамир Рыспаев алдағы бір айды ЖХЛ-да ойнайтын өскемендік «Торпедода» өткізеді.

Естеріңізге салсақ, былтыр жазда ҚР Президентінің кубогы аясындағы «Барыс» пен «Куньлунь Ред Стар» матчында Рыспаев айдында төбелес шығарған болатын. Соның салдарынан ҚХЛ басшылары Дамирді жазалаған еді.

Соңғы уақыттарда Рыспаев «Номад» сапында ойнады. Жақын арада хоккейші «Барысқа» қайта оралуы мүкін.