Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаевтың (9-0, 8KO) кезекті анықталды.

Отандасымыз келесі айқасын 27 қазан күні Канаданың Квебек қаласында панамалық Альберто Москуэрамен жұдырықтасады. Москуэра 1987 жылғы. Кәсіпқой бокста 29 кездесу өткізіп, 24 рет жеңіске жеткен. 3 рет жеңілген және 2 жекпе-жегінде қарсыласымен тең түскен. 16 қарсыласын нокаутпен ұтқан. Ал қазақстандық Батыр Жүкембаев осыған дейін 9 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 8 кездесуінде қарсыластарын нокаутпен ұтты. Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған.