Америиккалық басылымдардың айтуынша, Головкиннің жеңісін «ұрлаған» төреші өз кінәсін түсінген.

Айта кетейік, Аделаида Берд «Канелоның» күмәнсіз — 118-110 жеңісін белгілеген еді. Ал басқа төрешілер қағазында: Дэйв Моретти — 115-113 Головкинге, Дон Трелла — 114-114. «Берд өзіне айтылған көп сындардан кейін кінәсін түсінген сияқты. Ардагер төреші ұялы телефонына келген хаттарды оқығанда жылап жіберген», — деп хабарлайды Mirror Sport со. Естеріңізге салайық, Головкин — Альварес кездесуі тең есеппен аяқталған еді.