Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова Ашхабад қаласында өтіп жатқан жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарының жеңімпаз атанды.

Рыпакова төртінші мұмкіндігінде 6.43 метр ұзындыққа секіріп, ел қоржынына үшінші алтын медаль салды. Екінші орын тайландтық Буи Ти Ти Таоға (6.36метр) бұйырса, қола медальды Үндістан спортшысы Варакил Нина (6.04 метр) ұтып алды.