Әлібек Бөлешов: «Бүгінгі ойында жеңілгеніміз өкінішті. Өзімнің 100-ші голымды отбасыма арнаймын».

Айта кетейік ҚПЛ-дің 27-ші турында «Шаxтер» өз алаңында «Оқжетпесті» 2-1 есебімен жеңген болатын. Қонақтар сапында жалғыз голды Әлібек Бөлешов премьер лигамыздағы 100-ші голы ретінде тіркеді.

Мансабында «Қайрат» 7 ойын (2 гол), «Жетісу» 14 ойын (2 гол), «Ақтөбе» 16 ойын (1 гол), «Кайрат» 186 ойын (75 гол), «Ордабасы» 10 ойын (2 гол), «Атырау» 9 ойын (1 гол), «Тараз» 11 ойын (1 гол), «Сұңқар» 14 ойын және «Окжетпес» 60 ойын (16 гол) секілді клубтарда доп тепкен.Жалпы премьер лигада 327 ойында, 100-рет қарсылас қақпасын дәл көздеген.