Оралдық «Ақжайықтың» қақпашысы Вячеслав Котляр 27-турдағы павлодарлық «Ертіске» қарсы өткен матч (0:1) жайлы пікірін айтты. — Біздің қазіргі мақсатымыз — чемпионатта қалу. Біз бұл лигада аса бай емеспіз, барға қанағат қыламыз. Бізде жақсы ұжым бар, біз алаңға шығып бір-біріміз үшін тырысамыз, өз қаламыз, өз атымыз үшін ойнаймыз. Көптеген футболшыларымыз Павлодардан, бапкерлер де, оны бәрі біледі деп ойлаймын. Сондықтан мұнда ойнау ерекше әсер береді. Бағымызға орай, бәрі біз қалағандай болды, гол соқтық, қақпамыз құрғақ сақталды. Бұл ойын сен үшін принциптік тұрғыда маңызды болды ма? — Әрине. Мен үшін Павлодар - туған қалам секілді, мұнда менің қызым дүниеге келді, мұнда өмірімдегі ең қызық жылдардың бірі өтті. Павлодар менің жүрегімде ұзақ уақыт сақталады.