Қарағандылық клуб ел чемпионатының 27-ші турында көкшетаулық ұжымнан басым түсті.

Тартысты өрбіген ойын 2:1 есебімен «Шахтердің» жеңісімен аяқталды. Кеншілер сапында Милан Стоянович пен Якуб Хлебоун гол соқса, «Оқжетпесте» Әлібек Бөлешев мергендік танытты.