Нью-Йорк штаты спорт комиссиясының директоры Боб Беннет қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында өткен жекпе-жекті төреші Эделейд Бердпен бірге көріп шығатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар ол төрешіден әр раундта берген ұпайы үшін дәлел сұрайтынын мəлімдеді. Эделейд Берд жеңісті 118-110 есебімен Альвареске берген болатын.