Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес Лас-Вегас қаласында салмақ өлшеуі рәсімін өткізді.

Головкин мен Альварестің салмағы бірдей болды. Екі боксшы да 160 фунт (72,57 келі).

Айта кетейік, орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында жекпе-жек өткізеді.