Назарларыңызға қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеуі рәсімінен тікелей трансляцияны ұсынамыз.

Салмақ өлшеу рәсімі Астана уақытымен түнгі 01:00-де басталады.

Айта кетейік, орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында жекпе-жек өткізеді.