Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Бородюк Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында елімізде халықаралық деңгейде ойнай алатын екі футболшы ғана бар екенін мәлімдеді.

- Мықты ұжымдарға қарсы көп ойнау қажет. Мұндай матчтарда өзіміздің осал тұстарымызды бірден байқаймыз. Қарсыластарымызға жылдамдық, допқа талас жүргізу, шеберлік жағынан есе жібереміз.

Ұлттық құрамада жылдам ойлайтын жалғыз ойыншы бар, қалғандары болса оның деңгейіне жетпейді. Ал Қазақстан біріншілігінде халықаралық деңгейге сай келетін екі футболшы ғана бар. Біздің ғылыми тобымыз барлық футболшыларды зерттеп шықты. Енді осы қорытындыларға қарай отырып шешім қабылдаймыз, - дейді ресейлік маман.