Ашғабадқа ұшып барған азаматтардың қалта телефондары тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

«Ашғабадқа жеткенімде әуежай қызметкерлері телефонымды тартып алып, жеке ақпараттарды оқи бастады», - деді Миве есімді журналист.

Әуежай қызметкерлері шетелде түскен суреттерді көріп тергеу жүргізді. Еске салайын, Ашғабадта қыркүйектің 17-27 аралығында V Азия ойындары өтеді. Жарыс қарсаңында қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілген.