Канада елінде өтіп жатқан халықаралық жарыста қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева топ жарды.

Қысқа және еркін бағдарламаның қорытындысы бойынша 165,30 ұпай (59,08 – 106, 22) жинаған Элизабет Тұрсынбаева алтыннан алқа тағынды.

Айта кетейік, аталмыш жарыста қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы қыз Toronto CS&CC клубының атынан өнер көрсетті.