Футзалдан Қазақстан құрамасы Таиланд Королінің кубогы аясындағы үшінші кездесуін Мозамбик ұжымына қарсы өткізді.
Бұған дейін Какаудың командасы Аргентина құрамасымен тең түссе (0:0), жарыс қожайындары Таиландтан (2:1) айласын асырған.
Үшінші матчын Мозамбик құрамасымен өткізген қазақстандықтар 4:2 есебімен жеңіске жетті. Біздің құрама сапынан Акбаликов екі рет, Оразов және Пенгрин бір-бір мәртекөзге түсті
Таиланд Королінің кубогы. Үшінші ойын
Мозамбик 2:4 Қазақстан
Голдар: Джуниор Марио 27, Жозе Да Силва 39 - Акбаликов 1, 39, Оразов 13, Пенгрин 24
12 қыркүйек, Бангкок, «Бангкок-Арена»
Комментарии