«Реалдың» футболшысы Марко Асенсио бразилиялық Неймардың «Барселонадан» ПСЖ-ға ауысуы жайлы ойын айтты.

«Неймардың ПСЖ-ға ауысқанына таңқалдық. Ол маңызды ойыншы болатын. «Барселона» Неймарды өз сапында ұстап қала алмағаны қызық. Бірақ бұл олардың шаруасы», - деді Асенсио.

Бразилиялық футболшы үшін «Пари Сен-Жермен» каталониялық клубқа 222 млн еуро берді.