Павлодарлық «Ертістің» бас бапкері Вячеслав Грозный қостанайлық «Тобылға» қарсы өткен матч жайлы пікірін білдірді. Бұл тартыста оның командасы 1:2 есебімен ұтылып қалды. — Мұндай ойындарда жарқын сәттер аз болады, себебі, қос команда үздік төрттіке еніп, Қазақстан Кубогін «Қайрат» ұтқан жағдайда, Еурокубокке жолдама алуға тырысуда. Әрине, психологиялық тұрғыда дайындық алдыңғы кезекте ескеріледі, кім аз қате жібереді дегендей. Өкінішке орай, біз бүгін көп олқылық көрсеттік. Командада соңғы пасты бере алатын футболшы жоқ. Үзіліс кезінде мен жігіттерге айттым, біз күресеміз, тартысамыз, допты тартып ала аламыз, бірақ, соңғы пасты беруден әлсізбіз. Шынын айту керек, футболшы барлық тапсырманы орындайтындай етіп жасанды жолмен жасай алмаймыз, бізде ондай ойыншы жоқ. Яғни, басқа аспектілерді қарастыру қажет. Стандартты жағдайда дұрыс ойнамадық, тек футболшы емес, жалпы, аумақтағы линияда кемшілік байқалды, дисциплиналық тұрғыда проблемалар бар, көпшілік жігіттердің шеберлік деңгейінде де проблемалар бар. Бұл ойындар - мен үшін сұрыптау екендігін айттым, өйткені қай легионердің қалуы керектігін анықтау керек. Орта дәрежелі легионерлер керек емес, себебі, команда да жоғары классты көрсететін легионерлер керек. Орта деңгейлі шет елдік ойыншылар осылай ойнаса, барлығын ауыстырамыз. Бірнеше футболшыға ғана риза болдым, бірақ, ол көп нәрсені өзгертпейді. Тактикалық жоспар орындалмады, команда шабуылда қысым көрсету керек болатын, қорғаушыларымыз кері жүгірмеу үшін жоғарыға бармады, сол үшін шабуыл, орталық пен қорғаныс арасында байланыс үзіліп қалды.