«Астана» командасы өз алаңында «Атырауға» қарсы ойнап, 7:0 есебімен тас-талқан етті.

Бұл жеңіс екі команда арасындағы 23 ойындағы елордалық команданың 14-ші жеңісі ретінде тіркелді. Доп айырмасы 42:15.

Ойында соғылған Срджан Граховацтың «Атырау» қақпасына соққан голы елордалық команданың батыс-қазақстандықтар қақпасына соққан 40-шы голы ретінде тіркелді.

Одан бөлек, Астанадағы ойын екі команда арасындағы ойындар тарихындағы ең нәтижелі матч ретінде тіркелді. Осыған дейінгі «Астана» - «Атырау» арасындағы ең нәтижелі ойындарда – 2012 жылы 5:0, 2011 жылы 3:2 және 2015 жылы 4:1 есептері тіркелген.

Ең қызығы ең нәтижелі ойындардың барлығы «Астана Арена» стадионында өткен кездесулерде тіркелген.