Бүгін, 5 қыркүйек күні Құрлықтық хоккей Лигасы аясында елордалық «Барыс» клубы сырт алаңда уфалық «Салават Юлаев» командасымен ойнайды.

Хоккей клубтары арасындағы тартысты кездесуді «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойын Астана уақытымен 19:50-де басталады.

Қазіргі уақытқа дейін 5 ойын өткізіп үлгерген «Барыс» «Шығыс» конференциясында 10 ұпаймен үшінші болып келе жатса, қарсыласы да 5 ойын өткізіп, кестеде 9 ұпаймен қазақстандық клубтан екі саты төмен тұр.