Бокстан Гамбург қаласында өткен әлем чемпионатында қазақ жігіті топ жарды.

Финалда АҚШ боксшысы Дюк Раганмен кездескен Шымкент тумасы Қайрат Ералиев чемпион атанды. Американың жас таланты қазақтың тәжірибелі боксшысы алдында дәрменсіз болды.

Бұл Қазақстан боксшыларының қоржынға салған жалғыз алтыны. Үш боксшымыз қола жүлдемен шектелген. Екі спортшыда күміс медаль бар.