Бүгін Қайрат Ералиев, Әбілхан Аманқұл мен Қамшыбек Қоңқабаев финалдық жекпе-жектерін өткізеді.

Ел намысын 56 келіде Қайрат Ералиев, 75 келіде Әбілхан Аманқұл және аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев қорғайды. Финалдық бәскелерді Астана уақытымен 22:00-де QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. 56 келі: Қайрат Ералиев (Қазақстан) — Дюк Раган (АҚШ); 75 келі: Әбілхан Аманқұл (Қазақстан) — Александр Хижняк (Украина); 91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) — Магомедрасул Межидов (Әзірбайжан).