Бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында үш қазақстандық боксшы алтынға таласады. Ел намысын 56 келіде Қайрат Ералиев, 75 келіде Әбілхан Аманқұл және аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев қорғайды. Финалдық бәскелерді Астана уақытымен 22:00-де QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. 56 келі: Қайрат Ералиев (Қазақстан) — Дюк Раган (АҚШ); 75 келі: Әбілхан Аманқұл (Қазақстан) — Александр Хижняк (Украина); 91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) — Магомедрасул Межидов (Әзірбайжан).