Германияның Гамбург қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында өзбекстандық Шахрам Гиясовтан төрешілердің шешімімен жеңіліп, қола жүлдеге ие болған Абылайхан Жүсіпов өзінің жекпе-жегіне қатысты пікірі білдірді.

«Таспаны қайта айналдырып қарау керек. Аға бапкерлердің қойған тактикасын ұстандым. Өкінішке қарай, кейбір сәттерде өзім дұрыс істемедім. Сол себепті жеңіс ана жаққа кетіп қалды. Жарақат қайта ашылып жатыр. Ойымда тек қана реванш болған. Көбінесе сол алдыңғы нөмірдегі тактикамен шыққан болатынбыз. Қарсыласқа қарай өтетін соққыларды ұрғымыз келді. Сәл жылдамдық жетпей қалды деп ойлаймын», - дейді Абылайхан Жүсіпов.

Еске сала кетсек, Абылайханмен бірге бокстан әлем чемпионатында Жомарт Ержан мен Василий Левит те қола медальге ие болған болатын.