Кіші Флойд Мейуэзер мен Конор Макгрегор арасындағы жекпе-жек ақылы трансляциялар сатылымы бойынша рекорд орнатқан.

Бұған дейінгі рекорд Мейуэзер мен Мэнни Пакьяо кездесуінде болған еді. Сол кезде кездесудің 4,6 миллион трансляциясы сатылған.

Ал Мейуэзер мен Макгрегор жекпе-жегіне 6,5 миллион трансляция сатылған. Бұл туралы UFC президенті Дана Уайт айтты. Бірақ кейін Уайттың осы ақпаратты айтқан видеосы әлеуметтік желілерден өшірілді.