Дүниежүзілік бокс федерациясының (WBF) тұжырымы бойынша жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Анжелик Дюшман 26 жасында қайтыс болды деп хабарлайды ресейлік басылымдар.

28 тамыз күні француз спортшысы жаттығу кезінде өзін жайсыз сезінген. Спортшыны ауруханаға жеткізгенмен, өмірін сақтап қала алмаған. Алдын ала болжам бойынша, әлем чемпионы өкпе эмболиясынан көз жұмған.

Естеріңізге салайық, Дюшман 2017 жылдың мамыр айында WBF чемпиондық белбеуін иеленген, ал қазан айында сол атағын қорғау қажет болған.