Қытайдың Тайбэй қаласында өткен жазғы Универсиада аяқталды.

ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, жарыс қорытындысы бойынша 16 медаль алған (3 алтын, 6 күміс, 7 қола) Қазақстан жүлделер есебінде 21-ші орынға тұрақтады. Сондай-ақ, Түркия қоржынында 16 медаль бар, алайда олар күміс жүлделердің көптігіне байланысты 20-шы орынға тұрақтады.

Бірінші орынды 101 медальмен (37-27-37) Жапония жеңіп алды, екінші орынға 82 медальмен (30-22-30) Оңтүстік Корея тұрақтады. Үшінші орынды 90 марапатпен 26-34-30) Қытайлық Тайбэй қанағат тұтты.