Футболдан жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан (U-21) — Черногория (U-21) матчында грекиялық төрешілер қызмет етеді.

Матчтың бас төрешісі қызметіне грекиялық Александрос Аретопулос тағайындалды. Оған қапталдан отандастары Йоаннис Тоумпакарис пен Хасан Коула көмектеседі.

Матч инспекторы - хорватиялық Драгутин Карло Поляк.