Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан Бокстан әлем чемпионатында өзінің алғашқы кездесуін 52 келі салмақ дәрежесіне дейінгі спортшымыз Азамат Исақұлов өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның қарсыласы Оңтүстік Корея өкілі болды. Жекпе-жек біржақты өтті, Инкью Ким қазақстандық боксшыны айқын басымдықпен жеңді, есеп - 0:5.

Айта кетейік, 26 тамыз күні Әлем чемпионаты аясындағы алғашқы жекпе-жектерін Қазақстанның үш боксшысы өткізді.