Тамыздың 27-сі күні М.Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында экстремалды спорт түрлерінен «Extreme толқыны» атты спорттық шара өтеді.

Экстрим әуесқойары попинг (1х1), хип-хоп (1х1), брейк данс (1х1, 3х3) және вакинг (1х1) би түрлерінен сондай-ақ, BMX, скейт, ролик пен самокат спорт түлерінен өзара мықтыны анықтайды.

«Спорттык Алматы» бағдарламасының аясынды екінші рет өткізілетін спорттық шараға қатысушыларды тіркеу жалғасуда. Жарыс тегін өтеді. Қатысамын деушілер Sporttykalmaty.kz ресми сайтында тіркеле алады.Спорттық шараның жалпы жүлде қоры: 1 миллион 800 мың теңге

«Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы бұқаралық спортты дамытуға, белсенді спорттық тынығуды насихаттауға бағытталған.

Айта кетер жайт , өткен жылы аталмыш жарыста 300-ге жуық спортшы бақ сынасқан. Сонымен қатар, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталған.

Өтетін орны: М.Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы

Уақыты: 27.08.2017 09:00 тіркелу басталады

Қосымша ақпарат: +7 700 112 1990