Футболдан Испания чемпионатының 1-ші турында «Реал» сырт алаңда «Депортивомен» кездесті.

Зинедин Зиданның шәкірттері қарсылас команданың қақпасына үш жауапсыз гол соғып, басым жеңіске қол жеткізді. «Реал» сапында Бейл, Каземиро мен Кроос гол соқты.