17 тамыз күні Вячеслав Грозный павлодарлық «Ертістің» бас бапкері ретіндегі алғашқы жаттығуын өткізді. Жаттығу барысы өте жоғары деңгейде өтті, барлық футболшылар барын салып дайындыққа кірісті. Украиналық маман жаттығу кезінде әр сәт сайын ойыншыларды тоқтатып, олардың қателіктерін көрсетіп отырды. 62 жастағы бапкер жігіттердің техникасына басымдылық берді, өз кезегінде футболшылар да дәл пастарды беру мен тапсырмаларды мүлтіксіз орындауға тырысты. Жақсы әсерлерге толы болған шара шағын қақпада екі жақты футболмен аяқталды. Еске салайық, 20-тамыз күні Қазақстан Премьер-Лигасының 24-турында павлодарлық команда өз алаңында қызылордалық «Қайсарды» қабылдайды. Орталық стадиондағы матч 19:30 минутта басталады. «Ертіс» ФК-ның баспасөз қызметі