Қорғаушы Станислав Зинченко мансабын павлодарлық «Ертісте» жалғастыратын болды.

Өткен маусымда 22 жастағы хоккейші елордалық «Номад» сапында ойнап, 55 матчта 17 (3+14) ұпай жинаған.

Сондай-ақ, ол Алматыдағы Универсиада мен Саппородағы Азия ойындарына қатысты.