Америкалық теннисші Серена Уильямс тағы да ең көп жалақы төленетін спортшы қыз атанды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Forbes журналының деректері бойынша, соңғы жылы Уильямс 27 млн доллар тапқан. Бұл - түрлі турнирлердегі жеңісінің жүлделері мен жарнамадан және түрлі шаралардан түскен табыстары.

Екінші орында тағы бір теннисші - германиялық Ангелик Кербер. Оның соңғы жылғы табысы 12,6 млн долларды құрады. Үшінші орынға 12,2 млн доллармен америкалық автошабандоз Даника Патрик жайғасты.

Сондай-ақ бестікке Серена Уильямстың әпкесі Винус та кіріп отыр. Ол 10,5 млн доллар тапқан