Ашық жаттығу 20 тамыз күні сағат 18:30-да Халықаралық «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі аймағында өтеді.

Ашық жаттығу жұмыстарына Қанат Исламнан бөлек, Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Мырсатаев, Әли Ахмедов, Айдос Ербосынұлы, Димаш Ниязов, Нұрсұлтан Жаңабаев сынды боксшылар қатысады.