19 тамызда Сухумада Абхазия тарихында тұңғыш рет кәсіпқой бокс кеші өтеді. Турнирге қазақстандық боксшы Жақсылық Қырғызәли қатысады.

20 жастағы боксшының қарсыласы жақын арада белгілі болды. Жақсылық үшін бұл кәсіпқой рингтегі төртінші кездесу болмақ. Ол бір рет жеңіп, екі рет жеңіліп қалған.