Талғат Жайлауов «Торпедомен» келісімшартты бұзды, ол спорттық мансабын елордалық «Барыста» жалғастыратын болады.

Өткен маусымда Жайлауов Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 29 матчында ойнап, 14 шайба соқты және 9 рет ассистент ретінде шықты. 21-інші плей-офф ойынында Талғат 8 ұпай жинады (4 рет шайба соғу және шайбаның соғылуына алып келген 4 рет пас беру). Спорттық ынтымақтастық жөніндегі келісімшарт негізінде «Торпедо» құрамын орталық шабуылшы, өскемендік хоккей клубының тәрбиеленушісі Дмитрий Гренц (1996 жылғы) толықтырады.

Айта кетейік, Талғат Жайлауов та мансабын Өскемен хоккейінде бастаған.