«Манчестер Юнайтед» Англия чемпионатының 1-ші турында өз алаңында «Вест Хэмді» қабылдады.

Жозе Моуриньоның шәкірттері лондондық ұжымның қақпасына төрт жауапсыз гол соқты.

МЮ сапында Лукаку дубль жасаса, Мартиаль мен Погба бір-бір голдан соқты.