Алматыда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өтетін апталық велошеру Спорт күніне арналды.

«Нұрлы Тау» бизнес орталығынан басталып ҚР тұңғыш президенті саябағында аяқталған 9 шақырымдық қашықтықты 400-ге жуық адам бағындырды. Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен велосипед ойнатылып, флэшмоб ұйымдастырылды. Нәтижесінде 14-жасар алматылық Абдуғани велосипедтің иесі атанды.

- Мен бұл велошеруге екінші рет қатысып отырмын. Әкем келдім. Өте ұнады. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Осы сыйлықты ұтамын деп ойламаған едім, енді қалдырмай келуге тырысамын, - деп ойымен Абдуғани Серік бөлісті.

Сонымен қатар, қатысушылар әдемі, ырғақты би билеп, арнайы «Спорттық Алматы» сыйлықтары мен ЭКСПО көрмесіне арналған билеттер ойнатылды.

Айта кетер жайт, Қазақстанда «Спорт күні» тамыздың үшінші жексенбісінде жыл сайын атап өтіледі. Ал, тамыздың 20-ы күніне жоспарланған велошеру әуесқойларға арналған «Tour of World Class Almaty» кәсіби веложарысының өтуіне байланысты болмайды.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.