Қазақстан Премьер-Лигасының 23-ші туры аясында қарағандылық «Шахтёр» өз алаңында шымкенттік «Ордабасыны» жеңді.

Алғашқы таймда есеп ашылмаған. Ал ойынның екінші бөлігінде қос команда гол алмасты. 60-шы минутта «Ордабасының» шабуылшысы Азат Нұрғалиев есепті ашқанмен, көзді ашып-жұмғанша Михаил Габышев таразы басын теңестірді. Ал ойын аяқталуға он минут қалғанда «Шахтердің» ойыншысы Юлиус Сзоке жеңіс голын соқты.

Осылайша, шымкенттік «Ордабасы» қолда тұрған жеңісті уысынан шығарып алып, «Шахтерге» үш ұпай сыйлады.

Қазақстан Премьер-Лигасы. 23-ші тур

«Шахтёр» - «Ордабасы» 1:2 (0:0)

Гол: 60' Нұрғалиев (0:1), 62' Габышев (1:1), 80' Сзоке (2:1)

«Шахтёр»: Игорь Шацкий, Милан Стоянович, Юлиус Сзоке, Стефан Зошак, Марко Станоевич, Якуб Хлебоун, Михаил Габышев, Ильнур Мангуткин, Евгений Тарасов, Виктор Дмитренко, Сергей Хижниченко

«Ордабасы»: Алмат Бекбаев, Абдулай Диакате, Александр Симчевич, Кирило Ковальчук, Пабло Фонтанелло, Преслав Йорданов, Рохер Каньяс, Азат Нұрғалиев, Самат Смаков, Мардан Төлебек, Еркебұлан Тұңғышбаев