Алматыда тегін жүзуді үйренген балалар марапатталды
Бүгін Aquastars бассейнінде «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында тегін жүзу сабақтарын меңгерген балалар марапатталды.
Шілде айында қатысқан 150 ұлдар мен қыздарға ұйымдастырушылар атынан сертификаттар мен медальдар табысталды. Олар өз өнерлерін ортаға салып, бір айда үйренген әдістерін ата-аналарына көрсетті. Жалпы, шілде айында Алматы қаласының 8 ауданынан 667 адам тегін жүзуді үйренген болатын.
- Мен ұйымдастырушыларға алғысымды айтқым келеді. Себебі сол кісілердін арқасында көптеген балалармен танысып, өзімнің бапкерімнен көп әдістерді үйрендім. Алдағы уақытта қатысуды жалғастырамын деген ойдамын, себебі маған өте ұнады, - деп өз ойымен қатысушылардың бірі Ақжол Тілебалды бөлісті.
Өз кезегінде қатысушылардың ата-аналары да алғыстарын білдіріп, осы бағдарлама жалғасын тапса екен деген ізгі ниеттерің айтып, барлық ұл қыздарды қошеметпен қолдап отырды. Осы бағдарламын ұйымдастырушы Ержан Мұмаxанов өз сөзінде алғыс айтып қана қоймай, барлығы да Олимпиада чемпионы болсын деген тілек айтып, бұл бағдарлама балалар үшін өте тиімді әрі үлкен мереке екендігін сөзге тиек етті.
Қазіргі таңда жаз айының алғашқы күндерінен бастау алған бағдарламаның арқасында 1340 бала жүзу әдістерін үйренген. Жүзуден тегін сабақтар 8-12 жас аралығындағы жеткіншектерге арналған. Біріншіден, бұл сабақтарға көп балалы, жағдайы төмен отбасылардың балалары және балалар үйінен шыққан жасөспірімдер қатысуда.
Бүгінгі күні кәсіпқой бапкерлер қалған 640 баланы бассейндермен қамтылған бес спорт кешенінде жүзуге үйретуде. Олар, Сейфуллин 404, 14, Тимирязев 41, Яссауи 1Б және Өтемісұлы 1 (Шаңырақ ықшам ауданы) көшелерінде орналасқан. Жеткіншектерге арналған жүзуден жаттығулар жаздың соңына дейін бір сағаттан, аптасына 2-3 мәрте өтетін болады. 12 сабақтан соң, қатысушылар дұрыс дем алуды үйреніп, негізгі жаттығуларды меңгереді. Оларға барлық жүзу әдістері жатады.
Айта кетер жайт, бағдарлама ұйымдастырушылары Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы осы жылы балалар санын тағы 1000-ға көбейткен болатын. Өткен жылы 1000 адам қатысса, осы жылы іріктеліп алынған 2000 бала жаздың соңына дейін тегін жүзу сабақтарына қатысуға мүмкіндік алды.
Комментарии