Бразилиялық футбол жұлдызы, француздық «Пари Сен-Жермен» футбол клубының шабуылшысы Неймар салық төлеуден бас тарту жөніндегі барлық айыптауларды алып тастау үшін 2,5 миллион доллар айыппұл төлеуге келісті. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

«Бұл іс үш жылдан ұзақ уақытқа созылып кетті, ал біз бар болғаны алға қарай жылжығымыз келеді, - деді қорғаушы Маркос Недер.

2015 жылдың қыркүйек айында Бразилияның салық органдары Неймардың 55,7 миллион долларға бағаланған мүлкін тәркілеген болатын. Олардың айтуынша, бұл 2011-2013 жылдары спортшы тарапынан төленбеген салық және жиналып қалған пайыздық үстемелер мен айыппұлдарды өтеуге тиіс болған. Көптеген сот отырыстары барысында Неймар міндетті төлемдер көлемін біршама азайтты. Ендігі уақытта салықшыларды футболшы және оның өкілдері ұсынып отырған сома қарыз көлемін өтеуге жете ме, соны шешу мәселесі күтіп тұр.

Айта кетейік, биылғы жылдың жазында Неймар испандық «Барселонадан» әлемдік футбол үшін ең жоғары рекордтық сома - 222 миллион доллар ұсынған француздық «Пари Сен-Жермен» клубына өткен болатын.