29 қыркүйекте Бильбаода (Испания) бокс кеші өтеді. Осы кеште қазақстандық боксшы Ержан Залилов кәсіпқой рингтегі оныншы жекпе-жегін өткізеді.

Ол екінші аса жеңіл салмақта WBC International Silver титулын сарапқа салады. Қарсыласы – жергілікті боксшы Карлос Рамос (6-0, 5КО).

Айта кетейік, Залилов соңғы кездесуін 8 шілдеде Ресейде өткізген болатын. Залилов қырғызстандық Шукур Абдинабиевті нокаутпен жеңген болатын.