UFC спортшысы Хабиб Нурмагомедов Тони Фергюсонмен жекпе-жек өткізуге дайын екенін білдірді.

«Фергюсон, сен қазанда біреумен жұдырықтасуды жоспарлап жүргеніңді естідім. Не болды? Жолдан тайып тұрмақсың ба? Көп сөйлеме. Біздің ісімізге нүкте қою керек», - деп жазды Нурмагомедов.

Айта кетейік, биыл мамырда Нурмагомедов пен Фергюсон жекпе-жек өткізу керек болатын, алайда ресейліктің денсаулығына байланысты кездесу болған жоқ.