Жеңіл атлетикадан Лондонда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ольга Рыпакова қола медаль жеңіп алды.

Алтын жүлдеге бірден үш атлет таласқан болатын. Нәтижесінде сол үшеуі өзара медальдарды бөліп алды. Венесуэлалық Юлимар Рохас 14.91 метрге секіріп, алтын жүлдеге қол жеткізді. Ал күміс колумбиялық Катерин Ибаргенде – 14.89. Ал Рыпакова 14.77 көрсеткішімен үздік үштікті түйіндеді.

Алдыңғы әлем чемпионатында күміс медаль алған израильдік Анна Князева-Миненко мен Еуропа чемпионы-2016, португалиялық Патрисиа Мамона сынды атлеттер алдыңғы үшеуіне бәсекелес бола алмады.

Жеңіл атлетика. Әлем чемпионаты. Лондон, Ұлыбритания

Әйелдер. Үш қарғып секіру

1. Юлимар Рохас (Венесуэла) – 14,91

2. Катерин Ибарген (Колумбия) – 14,89

3. Ольга Рыпакова (Қазақстан) – 14,77.