Талғардағы құрама командалардың базасында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қазақстан жастар құрамасы негізгі құрамның бірнеше ойыншысымен жасақталған «Қайрат А» командасымен жолдастық кездесу өткізді.

Ойын 3:3 есебімен аяқталды. Владимир Никитенко командасында Айбол Әбікен, Дидар Жалмұқан және Рашид Люхай (пенальти) мергендік танытты, ал «Қайрат А» командасында Бауыржан Тұрысбек, Артур Шушеначев және Магомед Парагульгов көзге түсті.

Жолдастық кездесу

Қазақстан жастар құрамасы - «Қайрат А» 3:3

Голдар: Айбол Әбікен, Дидар Жалмұқан, Рашид Люхай - Бауыржан Тұрысбек, Артур Шушеначев, Магомед Парагульгов