Америкалық Джастин Гэтлин Лондонда 100 метр қашықтықта әлем чемпионы атанды.

Мәре сызығын екінші болып оның отандасы Кристиан Коулмэн кесті, ал Усейн Болт үштікті түйіндеді.

Бұл Болт үшін соңғы әлем чемпионы болған, аңызға айналған желаяқ мансабын аяқтамақ. Енді Усейн соңғы рет жарыс жолына4х100 м эстафетасында шығады.

Естеріңізге сала кетсек, 30 жастағы ямайкалық спринтер Олимпиаданың сегіз дүркін және әлемнің 11 дүркін чемпионы. Ол 100 және 200 метр қашықтықта әлем рекордын қойған.

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты

10 метрге жүгіру

Ерлер, Финал

1. Джастин Гэтлин (АҚШ) – 9,92

2. Кристиан Коулмэн (АҚШ) – 9,94

3. Усэйн Болт (Ямайка) – 9,95

Айта кетейік, Усэйн ірі турнирлерде 4 жыл бойы жеңілмей келе жатқан, соңғы рет ол 2013 жылы маусымда Гауһар лигасында осы Гэтлиннен жеңіліп қалған болатын.