Британиялық боксшы Наташа Джонас 33 жаста болса да, жақында кәсіпқой рингте дебютін өткізді. Наташа алдағы үлкен жекпе-жектерге өз пікірін айтты.

«Мейуэзер – Макгрегор ма? Мейуэзер жеңеді, басқа нұсқасы жоқ. Шынымды айтсам, мен екеуінің де фанаты емеспін. Канело – Головкин – нағыз жекпе-жек осы!», - деп жазды Джонас твиттерде.

Айта кетейік, кіші Флойд Мейуэзер мен UFC чемпионы Конор Макгрегор жекпе-жегі 26 тамызда Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena-да» өтеді. Осы аренада 16 қыркүйекте Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жұдырықтасады.